Елде АЭС салудың тиімділігі қандай?

Жоба жүзеге асқан жағдайда экономика мен экологияда қандай өзгерістер болуы мүмкін? 

Өскеменде дәл осы сұрақ бойынша ашық талқылау өтті. Оған энергетиктер мен ғалымдар, инженерлер, экологтар мен қоғам белсенділері қатысты. Отырыста алдағы уақытта энергетикалық қауіпсіздік мәселесін шешуде ірі құрылыстың алар орны туралы мағлұматтар берілді. Әлемде 30-дан астам мемлекет атом электр станциясының игілігін көріп отыр. Дегенмен ел Президенті бұл жеңіл-желпі қарайтын шаруа емес екеніне ерекше тоқталды. Егжей-тегжейлі зерттеліп, халық талқысына түсетін тақырып екенін ескертті. Сондықтан жиналғандар маңызды бастамадағы қауіпсіздік тетіктеріне тоқталды.

Айбек Ақаев, Д. Серікбаев атындағы техникалық университет деканы:

- Артықшылығын айтып өтсек, ең бірінші АЭС салу энергияның көлемділігі яғни өздеріңіз білесіздер 1 кг уранның энергия бөлу сыйымдылығы ол 100 тонна тас көмір жағумен және 60 тонна мұнай жағумен бірдей екіншіден артықшылығы уран өнімінің қайта қолданысқа енгізілуі. Тағы бір артықшылығы оның экономикалық жағынан пайдалылығы өйткені өздеріңіз білесіздер АЭС салатын болсақ ол жаңадан жұмыс орындары ашылады.