Петропавлда «Халық жүрегіндегі қаһарман» атты көшпелі көрме ашылды

Петропавл қаласында Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған «Халық жүрегіндегі қаһарман» атты көшпелі көрме ашылды.

Облыстық тарихи – өлкетану мұражайына батырдың өмірі мен әскери қызметінен сыр шертетін 100 – ден аса құнды жәдігер қойылған. Оның ішінде «Халық қаһарманы» медалі, өзі киген әскери киімдері, жеке заттары мен маңызды құжаттары бар. Сағадат Нұрмағамбетов - екінші дүниежүзілік соғыста ерлігімін танылып, небәрі 21 жасында Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Тағылымды шара еліміз бойынша жалғасын табады.    

Ләззат Әлжан, мемлекеттік әскери – тарихи музейінің басшысы:

- Біздің көшпелі көрме бірінші осы Солтүстік Қазақстан облысынан басталып отыр. Енді алдағы 24 – інші жылы Қазақстанның барлық қалаларын кесе жасалған, келесі жылдың аяғына дейін біз барлық Қазақстанды аралап шығамыз осы көрмемен.