Түркістан облысында дүниеге келген Әлімхан ерекше куәлік иесі атанды

Түркістан облысында дүниеге келген 20 миллионыншы тұрғынның есімі – Әлімхан.

Нәресте – Ерғали мен Гүлмираның төртінші перзенті. Отбасыға Мемлекет басшысының арнайы құттықтауын облыс әкімі жеткізді. Кішкентай бөбектің салмағы – 3 келі 400 грамм, бойы – 51 сантиметр. Қазір анасы мен сәбидің жағдайы жақсы. Әлімханның әкесі – қарапайым еңбек адамы, анасы – биология пәнінің мұғалімі.

Гүлмира Ізтілеуова, Жетісай ауданының тұрғыны:

- Төртінші перзентім. Атын Әлімхан деп атасы қойды. Хан болсын, ел басқаратын азамат болсын деп. 20 миллионшы дегенде бәріміз қуандық қой. Үйде бәрі күтіп отыр. Қазақ елі көбейе берсін, батырлар дүниеге келе берсін. Аналарымыз торсықтай ұл-перзент әкеле берсін.