Жетісу облысында есірткі жасырған 17 адам ұсталды

Жыл басынан бері Жетісу облысында есірткі жасырумен айналысқан 17 адам ұсталды.

Олардың бірі жасөспірім екені анықталды. Күдіктілерден 40 келіге жуық табиғи және синтетикалық наша тәркіленді. Полицейлер психотропты заттарды сатушылармен қатар өсірушілерді де қолға түсірді. Мәселен, Сарқан ауданының тұрғыны Алакөл ауданында қарасора егіп, оны күтіп баптаған. 52 келіден аса зиянды өсімдік жиналып, айғақ-зат ретінде тіркелді. Өңірде өткізілген ауқымды іс-шаралар кезінде есірткіні бизнес көзіне айналдырған, үш қылмыстық топ құрықталды. 

Меруерт Ысқақова, ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:

- Биыл жыл басынан бері 245 келідей есірткі заты тәркіленді. Оның ішінде төрт келі синтетикалық есірткі болып табылды. Есірткі сататындарды яғни закладчиктарды ұстау анықтау есірткі қылмысын анықтау мақсатында рейдтік жұмыстар басталды.