Шығыста 40 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Шығыста 40 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Мал басын асылдандырып, майлы дақылдарды көбейеміз.

Бастысы жер кең болса, кем болмаймыз. Шығыс Қазақстан облысында 40 мың гектар аумақ мемлекет меншігіне қайтарылды.  Прокурорлардың айтуынша, қайтқан жердің кадастрлық құны 700 миллион теңге шамасында. Жалпы, жер мәселесі  бойынша жергілікті әкімдік мамандары біраз олқылық жіберген. Мәселен, Самарда алдын ала жоспарланған 16 конкурс өтпей қалған. Ал Қатон-Қарағай, Күршім жақта жер мақсатына сай пайдаланылмаған. Осылайша жалпы 119 участок мемлекет меншігіне өтті.

Мұхамеджан Оразбаев, ШҚО прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары:

- Бұдан басқа Глубокое ауданында тексерумен аудан аумағында 42 мың.га жер жайылым жер  мақсатында пайдаланылмайтыны анықталды. Қазіргі таңда қадағалау актісі негізінде бүгінгі күні мемлекетке құны 4,8 миллион теңгені құрайтын, 600 гектардан астам жер учаскелері қайтарылды.