Ақтаудағы теңізшілер қатары толықты

Ақтаудағы әскери теңіз базасының жеке құрамы 160 теңізшімен толықты.

Олар салтанатты түрде ант тапсырды. Жас теңізшілер Ақмола, Павлодар және Батыс Қазақстан облысынан әскерге шақыртылған. Жауынгерлер бір ай алғашқы әскери даярлық курсынан өтті. Оқу соңында әртекті кемелер дивизионы, десантты-шабуылдау батальоны және комендаттық ротаға бөлінді. Ант тапсыру рәсіміне теңізшілердің жақындары келіп қатысты. Көпшілік атыс қаруымен және қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін тамашалады.

Нұртілек Құрбанов, теңізші:

- Әскери теңіз күштерінің қатарына қосылғаныма өте қуаныштымын. Бұл күн мен үшін және де барлық матростар үшін ерекше күн болып қалады. Әрбір қазақстандық азамат әскерде қызмет етуі тиіс деп есептеймін.