Атырауда есірткі сатушы ұсталды

Атырауда мефедронды аса ірі көлемде сатумен айналысқан 24 жастағы ер адам ұсталды.

Полиция қызметкерлері күдіктіден,, салмағы  176 граммға жуықтайтын,, шамамен 600 доза «син-тетиканы» тәркіледі. Тәркіленген есірткінің құны 4 миллион теңгеге жуықтайды. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті қамауға алынды.