Еліміздің солтүстігінде күн суытады

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады.

Әсіресе, солтүстік, батыс, шығыс аймақтарда және оңтүстіктің таулы аудандарында қар қалың түседі. Солтүстікте бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жалпы, қыстың алғашқы күндері ел бойынша жел күшейіп, тұман түседі. 4 желтоқсаннан бастап ауа температурасы күрт төмендеуі ықтимал. Солтүстік бөлікте түнгі уақытта минус 21 градусқа дейін ал  шығыста минус 15 градусқа дейін аяз аяз болады. Оңтүстік аймақта температура 0-5 градус шамасында сақталады.