Энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жүріп жатыр

Қарағанды металлургиялық комбинатын қазақстандық компанияның меншігіне беру мәселесі сәтті шешілді.

Жұмыстың бастапқы кезеңінде компанияға көмектесу – Үкіметтің ендігі міндеті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын сапа және Парыз сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде осыны атап өтті. Енді,, кәсіпорынның жаңа иесіне қатаң талап қойылады. Кейбір өңірлерде апаттың жиілеуі еліміздегі энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту аса қажет екенін айқын көрсетіп отыр. Мемлекет басшысы бұл мәселе ондаған жыл бойы назардан тыс қалып, шешімін таппай келгенін айтты. Мемлекет қысқа мерзімде ревизия жүргізді. Қазір қолданыстағы генерациялаушы қуат көздерін жөндеу, жаңа нысандарды іске қосу, жылу және инженерлік желілерді жаңарту бағытында жүйелі жұмыстар жүріп жатыр.