«Достық-Алашанькоу» бағытындағы жүк және тауар тасымалы 2,5 есе артты

Бір жылда «Достық-Алашанькоу» бағытындағы жүк және тауар тасымалы 2,5 есе артты.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункті 2005 жылы ашылды. Сол кезде күніне 50 жүк көлігі ары-бері өтетін. Ал қазір олардың саны 300-ге жуықтады. "Бекетте былтыр электронды кезек жүйесі енгізілді. Соның нәтижесінде жұмыс процесі жеңілдеді",- дейді саладағылар. Тауар айналымымен қатар жолаушылардың да барыс-келісі көбейген. Екі ел арасында отыз күндік визасыз режим басталғалы 1500 адам шекарадан өтті. Бұған "Үшарал-Достық" бағытындағы жолдың тақтайдай тегіс болуы да оң ықпал етіп отыр.

Азат Қызыр, Алматы облысының тұрғыны:

- Қытай Халық Республикасында екі балам тұрады. Соған барғанбыз. Ай сайын өтіп тұрамыз. Қуаныштымыз барып келіп тұрғанымызға.

Нұрсұлтан Әбішбаев, "Алакөл" кеден бекетінің жетекші маманы:

- Тауар айналымын ұлғайту мақсатында және де ҚР транзиттік әлеуетін ұлғайту мақсатында жаңа кеден бекетінің құрылысы басталды. Жаңа өткізу пункті әлемдік стандарттарына сәйкес кедендік бақылау құрылғыларымен жабдықталатын болады. Күніне 750 ге жуық автокөлік және жеке тұлғалардың жылдам өткізуге бар жағдай қарастырылған. 2024 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.