Жанкешті құтқарушылар

Бүгінгі күннің батыры кім десеңіз, ол құтқарушылар.

Осы күні белден су кешіп жүргендерді көріп жатырмыз. Бір ғана мысал, үстін түгел мұз басқан төтенше жағдай қызметкерлерін сіз де көрген шығарсыз. Видеосы кешеден бері әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Биыл аяз бет қаратпай тұр. Ерекше суық. Ауа температурасы 35, кей жерде 38 градусқа дейін төмендеді. Осы күндері ақмолалық құтқарушылар 43 өртті сөндірген. Отыздан аса тұрғын үй мен 10 көлік жанды. 2 адам құтқарылған.