Жолдағы авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды

Түркістан және Жамбыл облыстарының автожолдарындағы авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды.

Қабылданған шаралардың арқасында қар құрсауында қалған автокөліктерден 5 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Қазіргі уақытта Жамбыл, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарындағы республикалық маңызы бар жолдардың 5 учаскесінде және облыстық маңызы бар жолдардың 4 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық.