Шымкентте көлігін шыршамен безендіргендер ұсталды

Әлеуметтік желіге ерекше контент жасаймын деп жауапқа тартылды.

Шымкентте көлігін шыршамен безендіргендер ұсталды. Бейнебақылау инспекторлары шыршамен, жарық-шаммен безендірген қымбат көліктерді байқап қалған. Жаңа жылға безендірілген машиналар Қонаев даңғылында ұсталды. Темір тұлпарларын мерекеге орай безендірген азаматтар бұл әрекеттерінің ереже бұзу болып саналатынын білмепті. Дегенмен заң талаптарын сақтамағаны үшін патрульдік полиция оларды әкімшілік жауапқа тартты. Ал көліктері айып тұрағына әкетілді. Белгілі болғанындай, олар осындай ерекшелікпен әлеуметтік желіде елді таңғалдырғысы келген екен.