Мұз астынан баланың денесі табылды

Абай облысы Үржар ауданында мұз астына түсіп кеткен баланың денесі табылды.

Полицейлердің айтуынша, 5 жасар екі бала ауыл шетіндегі Қарақол өзенінде қата қоймаған мұздың үстінде ойнаған. Кенеттен мұз жарылып, балалардың бірі өзенге түсіп кеткен. Арада 3 сағат өткеннен соң жергілікті еріктілер баланың денесін тапты. Ол үшін қолмен ойықтар жасалды. Баланың денесі құлаған жерінен 75 метр қашықтықта табылды.

Ролан Оразғалиев, Үржар аудандық полиция бөлімінің бастығы:
- 22 желтоқсан, сағат 12:54-те Үржар полиция аудандық бөліміне Таскен ауылдық инспекторынан хабарлама түсті. Екі бала өзенде ойнап жүріп, бір бала суға батып кетті. Қазіргі таңда бала табылып, қайтыс болды.