Өрт сөндіруші «Рухтастар» жастар сыйлығының жеңімпазы атанды

Өрт сөндіруші «Рухтастар» жастар сыйлығының жеңімпазы атанды
web.telegram.org/a/#-1001164375032

Өрт сөндіруші «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған «Рухтастар» жастар сыйлығының жеңімпазы атанды.

«Жыл Батыры – ҚАЙСАР» номинациясы Семей қаласының №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Елдос Нұртазаевқа берілді.

Ол «Семей орманындағы» орман өрті кезінде әріптестерімен бірге табандылық пен батылдық танытты.

Сонымен қатар, Елдос әлеуметтік желілердегі өз парақшаларын белсенді жүргізеді, онда әріптестерінің күнделікті ерліктерімен таныстырады және халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға үлес қосады