Жамбылда балабақша басшысы ұсталды

Жамбыл облысында жеке балабақша басшысы ұсталды. Ол 13 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр.

Ұсталған азамат бөбекжайда тек қағаз жүзінде тіркелген бүлдіршіндер үшін қазынадан ақша алып келген.

Мұны Жамбыл облысының прокуратурасы мәлімдеді. Осы жағдай бойынша іс қозғалды. Күдікке ілінген балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды.