8 облыста көлік қозғалысы шектелді

Күн райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 47 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды 24KZ.

Абай, Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан аймақтарының тасжолдарында көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді. Қазір елдің бірқатар өңірінде көктайғақ болып, жел екпіні күшейген.