2024 жылы 18 заң жобасы әзірленеді

Үкімет келер жылы 18 заң жобасын әзірлейді.

Олардың қатарында мұрағат ісі және мәдениет мәселелері, «Кәсіби парасаттылыққа тестілеу туралы» құжаттар бар. Премьер-министр Әлихан Смайылов заң жобаларын жоспарға сай, уақытылы енгізудің маңыздылығын айтты. IT саланы дамытуға арналған Цифрлық кодекстің жобасы, білім және ғылым саласын дамытуды көздейтін Нысаналы капитал қоры туралы заң жобасы әзірленеді.

Биылғы жоспар аясында 5 заң жобасы Үкімет қарауында жатыр. Осы жылы жоспардан тыс 18 заң жобасы әзірленіп, 70-ке жуық жекелеген түзету қаралды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жаңа заң жобасы мен кәсіби әдептілікті тексеру институты енгізіледі. Осылайша, мемлекеттік реттеудің өзекті міндеттерін шешуге қажетті заң жобаларын әзірлеу жоспарланып отыр. Заң жобаларын әзірлеу сапасы мен уақытылы ұсынылуына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары тікелей жауапты екенін атап өтемін.