120 мың халық ауыз сумен қамтылды

Түркістан облысында елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтуға басымдық беріліп отыр.

Бүгінде өңірдегі 8 ауданда 11 ауызсу нысаны іске қосылып, 20 елдімекен таза ауыз суға қол жеткізді. Жоба құны – 254 млн теңге. Жалпы ұзындығы 50 шақырымнан астам су құбыры тартылды. Биылдың өзінде 120 мың халық таза ауыз сумен қамтылды.

Мемлекет басшысы да өз Жолдауында алдағы 5 жылда халықты таза ауыз сумен 100 пайыз қамту бойынша тапсырма берген болатын.

Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

- Құбырлары тозған, мүлдем суы жоқ 20 ауыл болды. Соның бәріне биыл су жеткізіп, 37 мың халық сумен қамтылды. Қазіргі кезде 1 млн 546 мың тұрғынды қамтыдық. 53 мың халқымыз қалып бара жатыр. Алдымыздағы 2025 жылға дейін біз бәрін 100% қамтимыз.