Жезқазғанда инженерлік инфрақұрылым әбден тозған

Инженерлік инфрақұрылымды толық жаңғырту – өте ауқымды әрі күрделі міндет.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында отын-энертетика, коммуналдық шаруашылық саласына қатысты да сөз қозғады. Әсіресе жылу электр орталықтарындағы мүшкіл ахуал көп жылғы салғырттықтың салдары, - деді. Оған дәлел – былтырғы Екібастұз бен Риддердегі жағдай. Өзге өңірлердегі ахуал да мәз емес. Мысалы, биыл Жезқазған жылу электр орталығында қыс басталмай жатып бірнеше қазандықтан кінәрат табылды. Аязды күні облыс орталығы небары 2 қазандықпен қалды. Жеке компанияның басқаруындағы нысанның негізгі жабдықтары 70%-ке тозған.

Бекзат Дайрабайұлы, облыстық мәслихат депутат:

- Қайта күн де жылы болып тұр. Суық болса, мысалы үшін, ананың бәрі бүкіл қуатына жұмыс істесе, жарылып кететіндей жағдайда тұр. Президентіміз айтқандай, салғырттық деп айтуға болады. Оның бәрі осы күнге дейін болды ғой, қайда қаралып отыр? 9 бен 10 млрд теңгенің арасында биылдың өзінде 2024 жылға ақша бөлініп отыр. Жылу электр орталықтары жұмыс істеуі керек, салу керек дейді. Бірақ ішіне тексеріспен барып, кіріп жатырмыз, оның ішінде қатты жұмысты да көріп отырған жоқпыз.