Экономист: Қаржылық сауаттылық пән ретінде оқытылу керек

Мектептерде қаржылық сауаттылық пәні оқытылу керек. Экономист Ләззат Жанмолдаева соындай пікірімен бөлісті.

Айтуынша, жасөспірімдерді қаржылық сауаттылыққа баулу арқылы болашақта бұқараның несиеге тәуелділігін азайтуға болады. Қазір жастарымыз қызығушылық пен қажеттіліктің аражігін айыра алмай қалды. Кредиттің көбі соңғы үлгідегі смартфондарды алу үшін рәсімделген, - дейді сарапшы.

Ләззат Жанмолдаева, экономист:

- Қаржылық сауаттылықты бүгінгі жанағы қарызға батқан үлкен адамдардан емес, мектеп отырған жасөспірім балалардан бастау керек. Мұны кәдімгі мектептегі пән ретінде немесе ойын түрінде кішкентай әлі толық әріпті танып үлгермеген балалардың өзіне ойын ретінде сабаққа енгізілетін болса, жас балалардың қаржыны қалай жұмсау керек, қалай жинау керек және қаржы жинағанда қандай мүмкіншіліктерге қолы жетеді деген сияқты қызықтырып, қаржылық сауаттылығын арттыруға болады.