Заң үстемдігі мен әділ төреліктің орнығуына басымдық берілді

Ата Заңға қатысты жалпыхалықтық референдумның өткеніне 2 жылға жуықтап қалды.

Оның аясында заң үстемдігі мен әділ төреліктің орнығуына басымдық берілді. Сот жүйесіндегі басты қағида осы. Президент пәрменімен Конституциялық сот құрылды. Ата заңның мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ететін орган сот жүйесіне конституциялық бақылау жүргізеді. Мысалы, сот ісінде судья қандай бір бапты негізге ала отырып, шешім шығарады. Заңды өзгертуге құқығы жоқ. Бірақ азамат тарапынан заң нормасына қатысты қандай да бір күмән болса, Конституциялық сотқа тікелей жүгінуіне мүмкіндік болды. Тарих беттерін парақтайтын болсақ, бақылаушы орган тәуелсіз Қазақстан тарихында болған. Бірақ 1995 жылы оның орнына сот жүйесіне кірмейтін Конституциялық кеңес құрылған болатын. Тағы бір айта кетерлігі, Конституциялық реформа аясында Адам құқықтары жөніндгі уәкілдің мәртебесі Ата Заңда бекітілді. Өлім жазасына тыйым салынды. Бұл құқық қорғау инситуттарын күшейту тетіктері болатын.

Констиуциялық сотқа 2023 жылы 5 282 өтініш түскен. Оның басым көпшілігі, яғни 5 мыңнан астамы азаматтардан қабылданған. Қалған 10-ы мемлкеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан түскен. Дегенмен қойылатын талаптардың орындлмауына байланысты азаматтар берген өтініштердің 4 900-ден астамы немесе 94,4% кері қайтарылған. Оларға қайтарудың себебі түсіндіріліп, қайта өтініш беруге құқықтары бар екендіктері айтылған. Нәтижесінде тек 115 азамат өтініштің кері қайтарылуына шағым түсірген.

Жыл басында Егемен Қазақстан газетіне берген сұхбатында Мемлекет басшысы қоғамдағы заң үстемдігі мен әділ төрелікке тағы да екіпін берді. Құқық қорғау институттарын күшейту тетіктері әлі де жалғасатынын айтты. Президент: «Мемлекеттің басты міндетінің бірі – заңның мүлтіксіз орындалуын, тәртіптің қатаң сақталуын толық қамтамасыз ету. Сондықтан заң бұзған кез келген адам жауапқа тартылады. Ал заң мен тәртіпті сақтау мәселесіне азаматтардың идеологиялық ұстанымы мен саяси көзқарасының еш қатысы жоқ. Заң бәріне ортақ», - деді.