Теміртауда бірнеше шағын аудан жарықсыз қалды

Теміртау қаласында қатты боран мен екпінді желдің салдарынан бірнеше шағын аудан жарықсыз қалды, деп хабарлайды 24KZ.

Жоғары вольтты электр желісі үзілген. Қазір сала мамандары жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады қалалық әкімдік өкілдері. Ақау салдарынан үйлерде жылу температурасы төмендеп, ауызсудың қысымы азайып кеткен. Қазір қалада жедел штаб құрылып, жағдай бақылауға алынды. Үйлерге жарық қашан берілетіні әзірге белгісіз.