Риддер халқы сусыз қалды

Риддер қаласында жүріп өткен қар көшкіні ауызсу құбырына зақым келтірді, деп хабарлайды 24KZ.

Салдарынан қала түгелімен тіршілік нәрінсіз қалды. Қазір қалың жауған қар салдарынан коммуналды қызметтің апат орнына жетуінің өзі мұңға айналған. Себебі құбыр шатқалдардың маңымен өтетін көрінеді. Сондықтан Риддерде шұғыл жерасты су қабылдағышы іске қосылады. Оны жөндеу алдағы бірнеше сағатта аяқталады. «Тек содан кейін ғана тұрғындарға ауызсу беріле бастайды», - дейді әкімдік өкілдері.