Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін.

"Солтістік пен шығыста боран, оңтүстікте жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Батыста тұман түсіп, күн суытады. Орталық қазақстанда боран, көктайғақ болады",- деп хабарлайды Қазгидромет мамандары. 

"Қазавтожол" компаниясының мәліметінше, қолайсыз күн райына байланысты Астана, Петропавл, Павлодар, Қарағанды бағытындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді.