Журналист В. Рерих өмірден озды

Бүгін «Хабар» арнасының қалыптасуына сүбелі үлес қосқан, танымал тележүргізуші Владимир Рерих 67 жасқа қараған шағында көз жұмды, деп хабарлайды 24KZ.

Белгілі медиаменеджердің қазасын жақындары растады.  Владимир Рерих «Хабар» арнасында 1996-2003 жылдар аралығында басшылық қызметте болды. Түрлі тележобалардың экранға шығуына бір кісідей атсалысты. Көзі қарақты көрермен оның «Поздний Рерих» атты авторлық бағдарламасын ұмыта қойған жоқ. Агенттік атынан марқұмның отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.