Астана тұрғыны 80 жылдық тарихы бар көліктерді жинап жүр

Иә, мұнда сап түзеген ретро көліктер өткеннің белгісіндей менмұндалап тұр.

Техниканың дені әу бастағы қалпын жоғалтпаған.

Зарина Кәп, тілші:

- Бір сәт өткенге көз жүгіртіп адамзатты таңқалдырған алғашқы автомобильдерді еске алайық. Мысалы бұл көлік 1943 жылы шыққан ГАЗ АА жүк көлігі. Бұл көлік Ұлы Отан соғысына да қатысқан. Дәл қазір мамандар арнайы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, күнделікті қолданысқа дайындап жатыр.

Володя Савченко, дәнекерлеуші:

- Көліктің аты Газ АА, 1932 жылдан бастап шығарылды. Ал б9л 1943 жылғы соғыс көлігі. Өзі жүріске дайын. Қазір тек шанағын дайындап жатырмыз. Барлық бөлшектері өзінікі, тек табылмай жатқан жағдайда ғана қазіргі үлгілерін пайдаланамыз. Түпнұсқаны сақтауға тырысамыз.

Мұндағы техника атаулы елдің әр қаласынан келеді. Бұзылғанын қалпына келтіріп, қолданысқа дайындайды. Іске жарамайтынын басқа көліктерге донор ретінде пайдаланады.  Қазір 8 көлік жүріп тұр, 3-еуі жөндеуде. 

Бағдат Батыров, көлік жүргізушісі: 

- Салоны сол қалпы қалады. Бастапқы қалпында. Қалай заводтан шықты солай қалдырамыз. Мына отыратын орындықтарының бәрі осылай детально бұзылады. Қайтадан осындай материалмен жинап шығамыз.

Мұнда тек жүк көліктері ғана емес жеңіл көлікте бар. Қазір қолданыста тұрғаны 1968 жылы шыққан Вольга.

Бағдат Батыров, көлік жүргізушісі: 

- Бұл қазір қолданыста жүріп жүрген машинамыз. Моторы 2.4  мотор. 70 ат күшімен шыққан. Қаланың ішінде расходы 13 литр 100 км. Ішінде салоны барлығы өзінікі. Зауыттан шыққанындай. Біздің өзіміздің күнделікті қолданып жүрген автокөлігіміз.

Әр көлікте өткеннің бір белгісі бар. Тарихтың айнасы іспетті. Ал коллекционердің өзі алдағы уақытта ретро автомобильдер музейін ашуды көздейді. Мақсаты ескінің көзін келер ұрпаққа жеткізу.

Авторлары: Зарина Кәп, Өрден Жарқын