ТЖД: Лай көшкіні қайталанбайды

Лай көшкінінің қайталану қаупі жоқ.

Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Қазір оқиғаның себептері сарапталып жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазселденқорғау», қала әкімдігінің мамандарынан құрылған арнайы комиссия Таусамалы ықшам ауданындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты тексеруде. Бүгін түнде 3000 текше метрден астам лай көшкіні түсті. Оған қоса 300-400 текше метр бос масса бар. Ол тазартылып, қауіпсіз жағдайға келтіріледі. Қазір комиссия лай көшкініне әкелген барлық мүмкін факторларды егжей-тегжейлі зерттеп жатыр. Сонымен қатар Медеу аудандық полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Оны құзыретті органдар тексереді.