Шымкентте былтыр 18 әйел тұрмыстық зорлық құрбаны болған

Былтыр Шымкентте 18 әйел зорлық - зомбылықтың құрбаны болған.

Мамандар қазір алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Онымен күресу жолдары арнайы семинар-тренингте талқыланды. Оған негізінен жастар қатысуда. Отбасында зәбір көрген кез келген адам полицияға шағымданып, құқығын қорғауы керек. Шымкентте отбасылық қиындықтарға тап болған адамдарға көмектесетін дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Онда тек жәбірленушілерге ғана емес, отбасында бала-шағасы мен жұбайына күш қолданатын ер азаматтарға да психологиялық қолдау көрсетіледі.

Қымбат Аязбай, студент:

- Біздің елімізде немесе өзіміздің ортамызда әлімжеттік көрсету қатты көбейіп жатыр. Себебі көбі кішкентайынан үлкендердің дұрыс емес нәрселерін көреді. Сосын оны дұрыс деп ойлағаннан кейін, басқа адамдардан ол туралы естімегеннен кейін соған көп барып қойып жатыр. Сондықтан осындай іс-шаралар, психологтардың ұйымдастырған дүниелері жастарға өте пайдалы деп ойлаймын.