Таразда жол белгілері мен таңбалары жаңартылмаған

Таразда жол белгілері мен таңбалары 2 жылдан бері жаңартылмаған.

Әсіресе қала орталығындағы негізгі көшелердегі таңбалар талапқа сай емес. Шағын аудандарда жол үстіндегі жолақтар өшіп қалған. Ал жол жиегіндегі белгілер қисайып, жерде жатыр. Таңбалардың бейберекет сызылуы жүргізушілерге қиындық тудырып отыр. Полицейлер техникалық талаптардың бұзылғанын растады. Мәселеге жергілікті әкімдік жауапты, дейді. Ал әкімдік мамандары тендерге қатысқан компаниялардың бірі-бірімен соттасып жатқанын айтады. Сот бітпейінше ақауларды ретке келтіру мүмкін емес.

Қуан Төлегенов, жүргізуші:

- Екі жолақты қабат сызылғаннан кейін қандай да болсын қарапайым халықа қиындау туады. 45 жылдан бері жүргізуші болсақ та біздің өзіміз ондай кезде қателесіп, жаза басып қалсақ айыппұл дейді.

Жайдарбек Құттыбаев, облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

- Көліктердің көбеюіне байланысты, кептелістер көп болып жатыр. Себептерден біз бөлек нұсқамалар бергенбіз. Тексеріс жүргіздік. Соның ішінде 615 ақау табылды. Оның 8 нұсқамасы орындалды, әлі тағы 21 нұсқама орындалған жоқ. Сол себепті біз Тараз қалалық әкімшіліктегі 10 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарттық. 10 АЕК айыппұл салынды.