ШҚО-да жолда қалғандар құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында боранда жолда тұрып қалғандар құтқарылды, деп хабарлайды 24KZ.

Құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен 11 адамды ауылға жеткізді. Оның жетеуі – бала. Ал жолға жауапты мекеменің жұмысшылары жолдарды қардан тазалап жатыр. Төтенше жағдай департаменті ауа райының бұзылуына байланысты жолға шыққанда абай болу керектігін тағы да ескертеді.