Еліміздің 9 өңірінде тас жолдар жабық

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 9 өңірінде республикалық маңызы бар 15 тас жол жабылды.

Атап айтқанда, Абай, Ұлытау, Жетісу, Алматы, Жамбыл мен Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік пен Шығыста жол қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады. Мамандар алыс сапарға шықпауға кеңес береді. Жолдарды тазалауға 300 бірлік техника мен 600-ден астам маман жұмылдырылды.