Астанада 25 мектеп пайдалануға беріледі

Астана қаласында 164 мектеп, 178 балабақша және 93 денсаулық сақтау мекемесі салынады, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл – 2029 жылға дейінгі меже. Солармен қатар 15 заманауи оқушылар сарайы салынбақ. Бас қалада биылдың өзінде 25 мектеп пайдалануға беріледі.

Қала бойынша үш ауысыммен оқитын 7 мектеп бар. Бір мектептің өзінде 2 мыңнан аса оқушы білім алады. Бұл оқушыларға тарлық етеді. Өзекті мәселе де осы болып тұр.

Нариман Еламанов, Астана қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Сол мәселені шешу үшін бізде қазіргі күні «Жайлы мектеп» деген бар бізде. Былтырдан бастап мектептер саны құрылысы өсіп жатыр. Былтырғы жылы 12 мектеп берілді. Соның ішінде жетеуі – мемлекеттік, бесеуі – жеке кәсіпкерлердің арқасында салынған мектептер.

Тұрғындар саны жыл санап өскендіктен, оқушылардың да қарасы көбейген. Білім сапасын арттыру мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы құрылды. Соның нәтижесінде...

Нариман Еламанов, Астана қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары:

- 2024 жылға 25 мектептің берілуі көзделіп тұр. Кешенді жоспар бойынша 2023-2027 жылдарға бізде 80 мектептің құрылысы басталып жатыр. Соның өзі бізге 200 мыңдай орын беріледі. Сол 80 мектеп үш ауысымдық мектептердің орнын жабады.

2027 жылға дейін салынатын 80 білім ошағы 7 мектепте үш ауысыммен оқитын 16 мың оқушыға арналған. Бұған мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де үлесін қосады. 

Авторлары: Асантемір Қаршығаұлы, Серік Қоңырбаев.