Алматыдағы ахуал Президент бақылауында

Жер сілкінісі кезінде Алматыда іс-қимылдар алгоритмі өз деңгейінде орындалды.

Қазір қаладағы жағдай қалыпты. Барлық тиісті мекемелер бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеп жатыр. Президентке шаһардағы ахуалды баяндаған Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов осылай деді. Бұл жайында мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев ведомство жетекшісіне мегаполис тұрғындарының амандығын сақтауды міндеттеді. Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін қала әкімі Ерболат Досаевпен, сондай-ақ шаһардағы барлық жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді жалғастыруды тапсырды.