Құрманғазыдағы қамыс өрті сөндірілді

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы қамыс өрті толығымен сөндірілді, деп хабарлайды 24KZ.

Қызыл жалын 2500 гектар жерді шарпыған. Төтенше жағдай департаменті, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органның 58 қызметкері, 8 тәулік бойы отпен арпалысты. Тілсіз жау бүгін сағат 11:00-де жойылды.