Taldau Talks диалог платформасының алғашқы отырысы өтті

Елордада Taldau Talks диалог платформасының алғашқы отырысы өтті.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев төрағалық еткен жиынға отандық әрі шетелдік сарапшылар мен ғалымдар қатысты. Кездесуде мамандар Орталық Азия елдерінің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді талқылады. Өңірдегі мемлекеттердің халықаралық қатынастарға ықпалы кеңінен сөз болды. Сарапшылар климаттың өзгеруі мен су ресурстарының тапшылығынан өңірде туындаған сын-қатерлерге де тоқталды. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, мұндай проблемаларды шешу жолында барлық тараптың ортақ іске күш жұмылдыруы және бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауды негізге ала отырып әрекет етуі аса маңызды.