Елде 87 елді мекен газбен қамтылады

Елде биыл газбен қамту жоспарына енген елді мекендер саны 46-дан 87-ге көбейді.

Президенттің Ұлттық құрылтайда жүктеген тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді. Баспана кезегінде тұрғандар, оның ішінде әлеуметтік осал санаттары үшін сатып алу құқығымен берілетін тұрғын үй көлемі 4 есе артады. Сонымен қатар жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылмақ. Оның алғашқы жылында қосымша 12 мың отбасыны пәтермен қамту көзделген. Ал жол желісін дамыту бойынша негізгі жұмыстан бөлек, тағы 2,5 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр. Бұған қоса, қолданыстағы 55 жылу көзін жөндеу және кемінде 6,5 мың шақырым инженерлік желіні жаңғыртуға 650 млрд теңге инвестиция тартылады. Олжас Бектенов Үкіметке 1 сәуірге дейін жобаларды қаржыландыру кестесін ұсынуды тапсырды.