Теміржолшылар су тасқынына дайын

Темір жолдың су тасқыны қаупі бар учаскелерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. 

Қажетті құралдармен және материалдармен жабдықталған 45 арнайы пойыз дайын тұр. 2 мың  650 текше метр кесек тас, 8 мыңнан астам шпал дайындалды. Теміржолшылар тсуды өткізуге алдын ала дайындық жүргізген.. Көпірлер, су өткізгіш құбырлар, дренаждық құдықтар қардан, мұздан және қоқыстан тазартылып, таулы және су бұрғыш арықтар мен ойықтар аршылған. Ақтөбе облысындағы Жем теміржол станциясына іргелес жатқан кіреберіс жол бөлігін су басты. Станса қалыпты жұмыс істеп тұр. Оба, Тентек, Сілеті және т.б. өзендерде мұзды ұсақтау бойынша бұрғылау-жару жұмыстары жүргізіліп, аумақтық ұйымдармен бірлесіп 83 бөгет пен су қоймалары тексерілді.