Тұрғындарды топан судан құтқаруға 4,5 мың полицей шықты

Су тасқынымен күреске 4 жарым мың полицей шықты.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ішкі істер органдарына тиесілі 648 техникасы жұмылдырылған. Тәртіп сақшылары тұрғындарды эвакуациялап, ауылдағы мал-жанды да қауіпсіз орынға көшіріп жүр. Қызылсудың алдын алуға бөгет тұрғызып, төте келген тілсіз жаудың салдарын азайтуға күш салуда. Бұдан бөлек су басып, иесіз қалған жүздеген үйді қорғау да полицейлердің міндеті.