Экология министрі: Тасқын қаупі сақталады

Жазық жерлердегі су көлемі азайды, бірақ тасқын қаупі әлі де сақталады.

Бұл туралы Үкіметте Экология және табиғи ресурс16:27:52тар министрі мәлімдеді. «Бүгінде Қазақстан аумағының 27%-і қар жамылған. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облысының оңтүстік бөліктеріндегі өзендерде су көлемі көп. ШҚО, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола облыстары, СҚО өзендерінде және Қостанай облысының солтүстік жартысында су деңгейінің көтерілуі байқалады», - деді министр Ерлан Нысанбаев.