Нұржан Нұржігітов Ақтөбе облысына барды

Су ресурстары және ирригация министрі Ақтөбе облысына барды, деп хабарлайды 24KZ.

Нұржан Нұржігітов онда су қоймасының жағдайын көрді. Онда 2 күн ішінде 200 миллион текше метр су жиналған. «Қазгидромет» болжауынша, нысанға тағы 210 миллион текше метр су құйылады. Ал Қарғалы су қоймасына келетін су мөлшері 180 миллион текше метр болады деп күтіледі.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

- Осы екі су қоймасының жұмысын үйлестіруге ерекше ден қойып отырмыз. Елек пен Қарғалы өзені арналары біріккен жағдайда су өткізу көлемін барынша төмендету маңызды. Сонда су басу қатері анағұрлым азаяды.