Жайық жағалауы бақылауға алынды

Биыл Жайық өзенінде су деңгейі жылдағыдан еселеп көтеріледі деген болжам бар.

Осыған орай қалалық әкімдікте арнайы штаб құрылып, сақтық шараларын қолға алды. Атырау қаласы бойынша өзенге жақын орналасқан 5 ықшам аудан мен қала іргесіндегі 5 елді мекенде жаға бекіту жұмыстары басталды. Бұл іске 200-ден астам техника мен 700-дей адам күші тартылған. Сондай-ақ тұрғындар мен еріктілер 20 мың қапшық топырақ дайындады. Олардың керек-жарағын әкімдік тауып беруге міндеттенген. Жағалауда тәуліктік күзет ұйымдастырылды.

Кенжеболат Рахимов, қала әкімі аппараты төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің бас маманы:

- Жайықтың қайнарлары, былайша айтқанда, бұрылыстары бізде Бесікті, Алмалы бар, сосын Талғайраң, Аспа елді мекендері өте қауіпті болып тұр. Қазір топырақ қаптау жұмыстарына 250 мың қап алынып жатыр. Бүгінгі күні жұмыс аяғына дейін 110 мың қап келеді. 1500 күрек, 7 мың қолғап алынып тұр. Ертеңге тағы 140 мың қап келеді.