Тасқынға тосқын: Қосымша әскери күштер жұмылдырылады

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қорғаныс министрлігі тасқынмен күреске қосымша күштер жіберуде.

Апат болған аудандарға Қарулы күштердің 5 авиациялық тікұшағы, 21 арнайы көлік пен 700-ден астам әскери қызметкер жұмылдырылған. Жол қатынасын қалпына келтіру мен паром жасау үшін әскери инженерлер аттандырылды. Ал "Батыс" өңірлік қолбасшылығынан келген саперлер тобы Құлсарыдан 30 шақырым жерде Жем өзенінің арнасын кеңейту үшін екі рет жарылыс жасады. Сарбаздардың көмегімен бөгеттер күшейтіліп, 60 мыңға жуық құм толтырылған қап дайындалды. Әскери бөлімшелердің күшімен осы күндері қауіпті аймақтардан 2 мыңнан аса адам эвакуацияланды.

Серік Төленбергенов, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі:

- Қорғаныс министрлігі тарапынан инициатива шығып, осындай шешім шығарды. Пантонный көпір жіберуге Ақтөбе облысына, Ойыл ауданына. Енді Ойыл ауданы туралы айтсақ, 16 мың адам тұрады мұнда. Олар қиындық көріп, содан жөндеу жұмысы біткенше дейін осында тұрады.