Су қоймаларының жай-күйі

Су қоймаларындағы қазіргі су деңгейі 1980 жылдан бергі ең ірі көрсеткіш.

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілі мәлімдеді. Жауапты ведомтва арнайы брифингте елдегі су қоймаларындағы жағдайды баяндады. Сонымен, Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы орта есеппен 99%-ға толды, екі нысан да транзиттік режимде жұмыс істеп жатыр. Ал Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасындағы судың деңгейі  95%-ке жетті. Нысандар штаттық режімде жұмыс істеп тұр. Шығыс Қазақстан облысындағы бес ірі су қоймасы 62%-ға, Батыс Қазақстандағы тағы 4 ірі су қоймасы 59%-ға толған. Қарағанды облысының төрт ірі су қоймасы да лық толы. Бірақ өңірде су тасқыны кезеңі өтті. Қостанайдағы қоймалардағы судың деңгейі 95%-жетті. Аймақта су тасқыны байқалады. Солтүстік Қазақстандағы екі ірі су қоймасы лық толы. Ел аумағындағы жағдай бақылауға алынған.

Су қоймаларының жай-күйі

Мөлдір Әбдуалиева, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі:

- Су объектілерінде жедел іс-шаралар қабылдау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су шаруашылығы жағдайына үздіксіз мониторинг жүргізіледі. Министрліктің 1000-нан астам маманы мен 280 бірлік техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей су тасқыны және гидротехникалық нысандардың жұмысы туралы жедел ақпарат алмасуда. Тараптар гидротехникалық нысандардың апатсыз жұмысын қамтамасыз ету үшін екі елдің шекаралас аймақтарындағы су тасқыны жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр.

Су қоймаларының толу деңгейі

Ақмола облысы (карта) 2 су қоймасы 99%

Ақтөбе облысы (карта)  2 су қоймасы 95%

ШҚО (карта)  5 су қоймасы 62%

БҚО (карта)  4 су қоймасы 59%

Қарағанды облысы (карта)  4 су қоймасы 98%

Қостанай облысы (карта) 2 су қоймасы 95%

СҚО (карта)  2 су қоймасы 100%