Қостанай өңіріндегі қазіргі ахуал

Су тасқыны жүріп жатқан аймақтардың бірі – Қостанай облысы. Аймақта су тасқынына байланысты осы уақытқа дейін 4067 адам эвакуацияланған, оның 1099-ы – бала, дейді ресми дерек. Осыған байланысты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асылбек Садуовпен байланысқа шықтық.