Тасқын болған өңірлерде санитарлық-дезинфекциялық шара күшейтілді

Су тасқыны болған өңірлерде ауызсу сапасы бақылауға алынды, деп хабарлайды 24KZ.

Санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге 4 мыңнан астам су сынамасы алынған. Оның 130-дан астамы гигиеналық талапқа сай болмай шықты. Эпидемияға қарсы шаралар шеңберінде сумен жабдықтау нысандарына, мал қорымдарына, кәріздерге және зираттарға мониторинг күшейтілді. Ел аумағында, санитарлық-дезинфекциялық режим қатаң сақталып отыр.

Айгерім Оразалиева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- Санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге су сынамаларын зерттеу жүргізіледі. Жалпы сәйкес келмейтін сынамалар бойынша көрсеткіш өткен 2 жылдың қорытындысы бойынша орташа республикалық жылдық көрсеткіштен аспайды. Өңірлерде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.