Қарулы Күштердің қызыл суға қарсы іс-қимылы

Су тасқынымен күресуге Қарулы Күштерінің жеке құрамынан 900-ге жуық адам, 46 бірлік әскери техника, 4 әскери авиация тікұшағы, бір әскери-көліктік авиация ұшағы жұмылдырылды.

Әскери ұшқыштар 74 адамды тасымалдады. Олардың ішінде құтқарушылар, әкімдік өкілдері, зардап шеккен аудандардың тұрғындары бар. Су басқан елді мекендерден халықты тікұшақтармен эвакуациялау шаралары жалғасып жатыр. Ал Құлсары қаласында Жем өзенінің арнасын кеңейту үшін жарылыс жұмыстары ұйымдастырылды. 

Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

- 7 тікұшақ және 2 ұшақ рейсі жасалды. 25 000 дана құм салынған қаптарды дайындау және төсеу жүргізілді. Ми-8 тікұшақтарымен 5 адам эвакуацияланды. С-295 ұшағымен Алматы қаласынан Атырау қаласына 33 адам тасымалданды. Жалпы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қосымша қарулы күштерден апаттық аймақтардың құтқару жұмыстарына 300-ге тарта жеке құрам және 32 бірлік әскери техника жұмылдырылып отыр. Олардың дені Атырау облысының Құлсары қаласында жұмыстарды жүргізуде.