Елдің су тасыған аймақтарында 100 бала дүниеге келді

Су тасқыны кезінде 100 сәби дүниеге келді.

Өңірдегі мамандар мәліметінше Қостанай облысында – 8, Ақтөбе облысында – 14, Батыс Қазақстан облысында-22, Абай облысында - 4 сәби өмір есігін ашса, Қарағанды облысында – 2, Атырау облысында – 18 сәби, Ақмола облысында – 32 сәби дүниеге келді. Айта кету керек, су тасқыны басталғалы бері өңірлерден 84 жүкті әйел эвакуацияланған. Оның ішінде босану мерзімі жақын 31 әйел ауруханаға жатқызылды. Табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға үш мыңға жуық дәрігер мен 300-ге жуық жедел жәрдем бригадасы медициналық көмек көрсеткен.