Тобылда су тасқынына қарсы шара жүргізілді

Тобылда су тасқынына қарсы шара жүргізілді

Тобыл өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты жақын маңдағы елді мекендерді су басу қаупі төніп тұр.

Онда құтқарушылар Ұлттық ұлан қызметкерлері және еріктілермен бірлесе Тобыл мен Қостанай қалалары арасындағы көпірде тасқынның алдын ал шараларын жүргізді. Қапшықтар бекітіліп, инертті материалдар төселді.

Дамир Ермағамбетов, Қостанай облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы:

- Тобыл өзенінің суы көпір мен жолға шығып кетпес үшін уақытша бөгетті бекіту бойынша жұмыстар атқарылуда. Арнайы техникалар тартылып, ондаған мың қапшық инертті материал төселді. Жергілікті атқарушы органмен бірлесе уақытша инженерлік нысан орнатылып, су айдау шаралары жүргізіліп жатыр.