92 жастағы кейуана тасқынмен күресіп жүр

92 жастағы әже де көппен бірге су тасқынымен арпалысып жүр.

Ол өз ауласы емес, Орал өзенінің жағасын бекітіп жатқан мектеп ұжымына қосылып, қапқа құм толтыруға көмектескен.

Орынша Қожиева Бейбарыс ауылының тұрғыны. Осы әжеге облыс әкімі барып, алғыс айтты."Тыл еңбеккерінің бұл ісі көпке үлгі болды" дейді Серік Шәпкенов. 

Серік Шәпкенов, Атырау облысының әкімі:

- Әлеуметтік желіден көріп, өзіңіз бастап, барлығына үлгі болдыңыз. Сыртыңыздан түсіріп салған. Оны бүкіл Қазақстан қарады.